Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Адалдық сағаты» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Ақпараттық қорғау технигі», «Интерьер дизайнері», «Кең бейінді мастер құрылысшы» мамандықтарының студенттері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты рухани құндылықтарды жоғары қоятын парасатты, саналы жастарды қалыптастыру.
«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы, меценат Бекзат Алтынбектің онлайн форматы таңдалып, ондағы адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екендігі, қазақ пайымында адам бойында адалдық-пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұратындығы жайлы айтқан сұхбаты тамашаланды.
Қазақ тілі және орыс тілі пәнінің оқытушылары Б.О. Кусенбаева, Н.Қ. Айтбаева, З.А. Тусупова «Адалдық сағаты» акциясы барысында өскелең ұрпақ арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру қағидаларына тоқталып, әділ және адал еңбек ету, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы айтты. «Парасаттылық дегеніміз не?» деген сұраққа ұлы ойшылдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген нақыл сөздерімен мысал келтіріп, түсіндіріп берді.
Студенттер арасында адалдық, парасаттылық қағидаттарын дамыту жөніндегі шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.
Жаңалық
Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Адалдық сағаты» акциясы ұйымдастырылды.
2022 ж. 16 қыркүйек