2022 жылғы 15 қарашада алғаш рет "жұмыс берушілер күні" мерекесіне орай Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде Әлеуметтік әріптестермен кездесу өтті.
Іс-шараның бастамашысы Қазақстан Республикасының Оқу -ағарту министрлігі болып табылады. Колледжде" Жұмыс берушілер күні" кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық мақсатында өткізілді. Өткізу мерзімдерін Білім басқармасы бекітті. Іс-шараға қатысушылар:
- басшы кәсіпорындар (ұйымдар);
- дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;
- кадрларды нысаналы даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отырған кәсіпорындар болды.
Колледжде экскурсия, мастер-класстар, түлектер кездесуі ұйымдастырылып, шарттарға қол қойылды. Жұмыс берушілермен диалог алаңында колледж директоры А. Сапарова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, колледждің әлеуметтік серіктестеріне Оқу-ағарту министрі А. Аймағанбетовтың атынан жемісті ынтымақтастық үшін Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, өндірістік оқыту шебері Г.Байгошкаров "Оқу-өндірістік практиканы жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу – дуальды оқыту жүйесінің құрамдас бөлігі" тақырыбында, бөлім меңгерушісі К. Даткина "Колледж түлегін жұмысқа орналастырудағы кәсіби портфолионың рөлі. Түлек портфолиосының тұсаукесері" тақырыбында баяндама жасады. Шара соңында колледж директоры шараға қатысқандарға өз алғысын білдірді.
Жаңалық
2022 жылғы 15 қарашада алғаш рет "жұмыс берушілер күні"
2022 ж. 16 қараша
Медиа жаңалықтар
1 из 7